7 күн бұрын
UFC экс-чемпионы Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды

Фото: ВКонтакте
Бұрынғы UFC чемпионы Генри Сехудо жартылай орта салмақтағы титулға басты үміткер атағы үшін жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды.
Бұл жөнінде Kazinform мәлім етті.
Сехудо қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Шон Брэдимен кездесуі керек деп санайды. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды. Оның сөзінше, бұл жекпе-жек болашақ чемпиондық белбеуге үміткерді анықтайды.
Бұған дейін UFC басшысы Дана Уайт қазіргі чемпион Белал Мұхаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жекті туралы жария етті. Ол Рахмоновтың басты үміткер болып қала беретінін және ол келесі атаққа таласуға мүмкіндік алатынын атап өтті.
