7 күн бұрын
Астанадағы бокс кеші: Балауса Мұздиманның қарсыласы ауысты

Фото: on.kz
Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман ресми түрде Астанада өтетін бокс кешіндегі қарсыласы ауысты.
Балаусаның ендігі қарсыласы - филипиндік Мария Тереза Пинили (7-1, 2 КО). Филиппиндік бұған дейін жекпе-жектерін өз елінде өткізген еді.
Балауса бұдан бұрын АҚШ спортшысы Розалинда Родригеспен (14-0, 3 KO) кездеседі деген жоспар болды.
Балауса Мұздиман 1997 жылы 23 шілдеде Алматы облысы Ақши ауылы ауылында дүниеге келген. Ол бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (2015), WBA Asia бокс титулының иегері (2024).
