02.04.2025

Әлем кубогы: Екінші жарыс күні қалай өтті?

Әлем кубогы: Екінші жарыс күні қалай өтті?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан World Boxing ұйымы өткізіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз өтті.

Ерлер бәсекесінде боксшыларымызды Бразилия өкілдері сан соқтырды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетов Луис Оливейраға (0:5) есе жіберсе, 65 келіде Алмат Абдуали Юри Рейске (0:5) жол берді.

Одан бөлек 50 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан – Өзбекстан текетіресінде Нұрзат Оңғаров 2024 жылғы Азия чемпионы Асилбек Жалиловтың (0:5) мықтылығын мойындады.

Ал қыздар арасында 54 келіде жұдырықтасқан Анита Адишева польшалық Виктория Рогалинскаға (0:5) есе жіберді.

Бұл күні көңілге медеу болған жалғыз былғары қолғап шебері – Даниял Сапарбай. 90+ келіде күш сынаған ұлттық құрама спортшысы Үндістандық Нарендер Нарендерді 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, дүбірлі дода 5 сәуірге дейін жалғасады.

Рамазан Оразов әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Футбол 39 минут бұрын

Рамазан Оразов әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасына жол берді

Теннис 1 сағат бұрын

Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасына жол берді

Қазақстандық спортшы құзға өрмелеуден өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

Басқа 3 сағат бұрын

Қазақстандық спортшы құзға өрмелеуден өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

Индзагидің «Әл-Хиляль» клубында қанша жалақы алатыны белгілі болды

Футбол 4 сағат бұрын

Индзагидің «Әл-Хиляль» клубында қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қазақстан құрамасының қақпашысы тарихи жетістікті жаңғыртты

Хоккей 4 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының қақпашысы тарихи жетістікті жаңғыртты

Қазақстандық волейболшылар Ұлттар лигасын жүлдесіз аяқтады

Басқа 4 сағат бұрын

Қазақстандық волейболшылар Ұлттар лигасын жүлдесіз аяқтады