06.04.2025

Қазақстандық боксшылар Әлем кубогынан алты медальмен оралды

Қазақстандық  боксшылар Әлем кубогынан алты медальмен оралды

Фото: olympic.kz

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен бокстан әлем кубогында қазақстандық үш боксшы чемпион атанды.

Алдымен ел құрамасынан Дәулет Төлемісов (85 келі) өзбекстандық Акмалжон Исроиловпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Дәулеттің сенімділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде қарсыласын қапы қалдырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазақстандық тағы бір боксшы Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) Миразизбек Мирзахалиловтың осал тұсын тапты. Әлем кубогын іріктеу кезеңінен бастаған ол ешқайсысында іркілген жоқ. Финалда сол қарқынынан тайған жоқ. Осындай жігерлі қимылымен чемпиондық атаққа қол жеткізді.

 Ал Жазира Орақбаеваның (51 келі) финалдағы қарсыласы - италиялық Элен Айяри жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша Жазира әлем кубогында алтын медальға ие болды.

Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды. 

Сондай-ақ ел құрамасынан Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Анита Әдішева (54 келі), Алмат Әбдуали (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым - 7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.

«Сарыарқа» қатары өзбекстандық клубтың ойыншысымен толықты

Хоккей 4 сағат бұрын

«Сарыарқа» қатары өзбекстандық клубтың ойыншысымен толықты

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Футбол 8 сағат бұрын

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

Басқа 9 сағат бұрын

Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

Алматылық «Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Футбол 9 сағат бұрын

Алматылық «Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады

Бокс 10 сағат бұрын

The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

Футбол 11 сағат бұрын

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты