21.04.2025

Жәнібектен қашқан Хамза Шираздың келесі қарсыласы анықталды

Жәнібектен қашқан Хамза Шираздың келесі қарсыласы анықталды

Орта салмақтан екінші орта салмаққа ауысқан британдық Хамза Шираздың (21-0-1, 17 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz

Ring Magazine басылымының хабарлауынша, Шираз 12 шілде күні Нью-Йоркте өтетін Inside the Ring атты шоу аясында рингке шығады. Оның қарсыласы — пуэрторикалық Эдгар Берланга (23-1, 18 КО) болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Хамза Шираз WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) қарсылас ретінде қарастырылған. Ол тіпті "Қазақ стилімен" жекпе-жек өткізуге дайын екенін ашық мәлімдеген болатын. Алайда, кейінірек бұл кездесуден бас тартып, бір салмақ жоғары көтерілу туралы шешім қабылдады.

Ал оның алдағы қарсыласы - Эдгар Берланга өткен жылдың қыркүйек айында екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліс тапқан болатын.

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Басқа 13 сағат бұрын

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Басқа 13 сағат бұрын

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Шавкат Рахмоновтың байырғы қарсыласы Белал Мухаммадпен айқасуға дайын екендігін айтты

ММА/UFC 14 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновтың байырғы қарсыласы Белал Мухаммадпен айқасуға дайын екендігін айтты

Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі

Футбол 15 сағат бұрын

Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі

«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

Футбол 16 сағат бұрын

«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

Футболдан 14-тур ойындары басталады

Футбол 17 сағат бұрын

Футболдан 14-тур ойындары басталады