24.04.2025

Асланбек Шымбергенов мансабындағы ең жарқын жекпе-жегін атады

Асланбек Шымбергенов мансабындағы ең жарқын жекпе-жегін атады

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов мансабындағы жекпе-жектері жайлы айтты деп хабарлайды Sport12.kz сайты журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына сілтеме жасап.

«Асаходжа Муйдинходжаевты нокаутқа жібергенімді көпшілік айтып жүр. Өзім де жарқын жекпе-жектердің бірі деп ойлаймын. Сол кездегі бас бапкер Мырзағали Айтжанов асықпау керектігін айтты. Себебі, көп боксшылар екі раунд бойынша ұтылып жатқан соң, үшінші раундта қарсыласты құлатуға асығады. Сөйтеді де, өздері соққы алып қалатын кездер көп.
Сол кездесуде бір нокдаун берген соң, өзімде де қызық болды. Жеңіліп жатып, нокаутпен жеңіп кету…
Таиландтағы турнирде менің қарсыласым ауыр нокаут алып қалды. 2-3 сағат ұйықтап қалды, менің өзім қорқып кеттім. Бірақ ертесіне сол жігіт марапаттау рәсіміне келді. Сол кезде оны көріп, қуанып кеттім», — дейді Шымбергенов.

Еске салайық, Асланбек Шымбергенов бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионы және Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері.

Лионель Месси АҚШ-та ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды

Футбол

Лионель Месси АҚШ-та ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды

Серікжан Мұжықов «Жетісуге» қайта оралуы мүмкін

Футбол 20 минут бұрын

Серікжан Мұжықов «Жетісуге» қайта оралуы мүмкін

Астана қаласында спорттың дамуына үлес қосқан журналистер марапатталды

Басқа 2 сағат бұрын

Астана қаласында спорттың дамуына үлес қосқан журналистер марапатталды

Уимблдон турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі

Теннис 7 сағат бұрын

Уимблдон турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі

Евгений Фёдоров велоспорттан ел біріншілігінде топ жарды

Басқа 8 сағат бұрын

Евгений Фёдоров велоспорттан ел біріншілігінде топ жарды

Муайтай: Қазақстан Азия чемпионатында 7 алтын медаль алды

Басқа 8 сағат бұрын

Муайтай: Қазақстан Азия чемпионатында 7 алтын медаль алды