Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

21.06.2025

«Қайсардың» көшбасшы футболшылары командадан кетпейді

«Қайсардың» көшбасшы футболшылары командадан кетпейді

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Қызылордалық «Қайсардың» көшбасшы футболшылары командадан кетпейді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз хатшысы Ерасыл Шәрібек мәлім етті.

- Кейбір спорт сайттары мен павбликтерде команда құрамынан Айбар Жақсылықов, Айбол Әбікен, Думан Нәрзілдаев, Қуаныш Қалмұратов, Әділет Кеңесбек секілді ойыншылардың кететіні жөнінде ақпараттар шығып жатыр. Бұл шындыққа сай келмейтін ақпарт деп айта аламын. Рас, олардың ойын деңгейіне байланысты қосымша бонустар қарастырылған. Ол демеушілер есебінен берілетіні көрсетілген. Бізге қаржылай қолдау көрсетеміз деген азаматтардың кейбірі жағдайына байланысты одан бас тартты. Дегенмен қазір бонус мәселесі оң шешімін тауып жатыр. Аталған ойыншылардың барлығы команданы жарты жолда тастап кететін жігіттер емес, - деді ол. 

Сондай-ақ трансферлік терезе ашылғаннан кейін команда құрамына тағы үш- төрт ойыншы шақырылуы мүмкін. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қызылордалық футбол түлектері Жасұлан Молдақараев пен Шоқан Абзалов көп жылдан кейін «Қайсарға» оралуы мүмкін. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас