24.06.2025

Қуаныш Қабдолов – «Атырау» футбол клубының жаңа спорт директоры

Қуаныш Қабдолов – «Атырау» футбол клубының жаңа спорт директоры

Фото: “Атырау” футбол клубы

37 жастағы жергілікті маман 2009-2012 жылдар аралығында “Атыраудың” жастар командасында (дубль) бас бапкер көмекшісі болып еңбек етті, деп хабарлайды Sport12.kz.

2013 жылы “Атырау” футбол орталығының басшысы болып тағайындалып, оның тұсында 1999 жылы туған “Атырау” жасөспірімдер командасы Қазақстан біріншілігін жеңді.

2014-2020 жылдар аралығында Қуаныш Кенжәліұлы “Атырау” негізгі командасының бапкерлік штабында қызмет жасап, бас бапкер көмекшісі және бас жаттықтырушы міндетін атқарды. Сол уақытта “мұнайшылар” екі мәрте Қазақстан Кубогінің финалына (2017 және 2019 жылдары) шықты.

Кейіннен ол 2021-2022 жылдар аралығында түркістандық “Тұранның” бас бапкеріне көмектесіп, содан соң команда тізгінін өзі де ұстады. Ал былтырғы маусымда ақтаулық “Каспийдің” бас бапкері ретінде Бірінші лиганың қола медалін жеңіп алды. Жас маман биыл “Атырау” QJL командаларының координаторы болып еңбек етті. Сонымен қатар маусым барысында “Атырау” ФК бас бапкерінің міндетін уақытша атқарды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Журналист ретінде танымал Нартай Аралбайұлы спорт федерациясынан жаңа лауазымға тағайындалды

Басқа 11 минут бұрын

Журналист ретінде танымал Нартай Аралбайұлы спорт федерациясынан жаңа лауазымға тағайындалды

Таеквондодан Нодира Ахмедова Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Басқа 44 минут бұрын

Таеквондодан Нодира Ахмедова Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ерекше бапкер ретінде тіркелді

Футбол 1 сағат бұрын

Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ерекше бапкер ретінде тіркелді

«Елорда туры»: жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Басқа 2 сағат бұрын

«Елорда туры»: жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Чемпиондар лигасының жеребесін қайдан көруге болады?

Футбол 2 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының жеребесін қайдан көруге болады?

Астанада әуесқой шахматшылардың «Senat Open» турнирінің финалдық кезеңі басталды

Футбол 2 сағат бұрын

Астанада әуесқой шахматшылардың «Senat Open» турнирінің финалдық кезеңі басталды