18.03.2025

«Атырау» қатарын болгариялық шабуылшымен толықтырды

«Атырау» қатарын болгариялық шабуылшымен толықтырды

Фото: instagram/chunchukov9

Цветелин Чунчуков «Атырау» футбол клубының ойыншысы атанды.

Бұл туралы атыраулық клуб әлеуметтік желісінде мәлім етті.

Пазарджик өлкесінің тумасы футбол әліппесін жергілікті «Бенковски» және софиялық «Левски» клубтарында үйренген.

Кәсіби мансабында болгариялық «Ботев», «Раковски», «Лудогорец», «Славия», және «Черно Море» клубтарында ойнап, екі мәрте Болгария чемпионы атанып, бір рет Ел Кубогын жеңді. Сондай-ақ Румынияның «Академика», «Сепси», «Киндия» және «Стяуа» сынды ұжымдарында доп теуіп, Румыния Кубогын иеленді. Болгария жастар және ұлттық құрамаларының намысын қорғаған.

Еске салсақ, «мұнайшылар» Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында 2 ойында 3 ұпай еншілеп, 7-орында келеді.

Қазақстан клубы ресейлік шабуылшыны қатарға қосты

Футбол

Қазақстан клубы ресейлік шабуылшыны қатарға қосты

Ел чемпионатының 3-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол 53 минут бұрын

Ел чемпионатының 3-тур ойындарын қайдан көреміз?

Bulgarian Open: Жүзушілеріміз халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

Басқа 1 сағат бұрын

Bulgarian Open: Жүзушілеріміз халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы жарыстан шығып қалды

Күрес 1 сағат бұрын

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы жарыстан шығып қалды

Ел чемпионатының ойындарына кімдер қазылық жасайды?

Футбол 1 сағат бұрын

Ел чемпионатының ойындарына кімдер қазылық жасайды?

Қайрат Сағадиев: Жоспарды 80%-ға орындадық

Күрес 2 сағат бұрын

Қайрат Сағадиев: Жоспарды 80%-ға орындадық