19.03.2025
Еркебұлан Нұрғалиев жаңа клуб тапты

Ақтаулық «Каспий» 31 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиевпен келісімшартқа отырғанын жазады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Еркебұлан Нұрғалиев – Семей футболының түлегі. Бұған дейін ҚПЛ-да «Ертіс», «Оқжетпес», «Шахтер», «Ақтөбе» және «Каспий» командаларында ойнаған. Жартылай қорғаушы соңғы екі маусымда «Елімай» сапында өнер көрсетті.
Осы жылдың басында «Ертіспен» келісім-шартқа отырғанымен, наурыз айының басында белгісіз себептермен клубтан кетіп қалды.
