20.03.2025

Қазақстан құрамасы Кюрасаоны жеңді, алда - Уэльс

Қазақстан құрамасы Кюрасаоны жеңді, алда - Уэльс

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркия жерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесуде Кюрасаоны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Ойынның 15-минутында Максим Самородов есеп ашса, 36-минутта Асхат Тағыберген айып соққысымен есепті еселеді.

Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. 

Енді қазақстандық футболшылар 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысында алдағы екі ойынын өткізеді. Алдымен Қазақстан құрамасы 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен кездессе, 25 наурызда Лихтенштейнге қарсы ойнайды.

2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы J тобында сынға түседі. Қарсыластары — Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.


Велоспорттан Бельгиядағы додаға қатысатын «Астана» құрамы анықталды

Басқа 1 сағат бұрын

Велоспорттан Бельгиядағы додаға қатысатын «Астана» құрамы анықталды

Тимофей Скатов Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннис 1 сағат бұрын

Тимофей Скатов Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Жайна Шекербекова келесі Олимпиадаға бара ма?

Бокс 2 сағат бұрын

Жайна Шекербекова келесі Олимпиадаға бара ма?

Қазақстандық фристайлшылар Әлем чемпионатында соңғы орынға тұрақтады

Басқа 2 сағат бұрын

Қазақстандық фристайлшылар Әлем чемпионатында соңғы орынға тұрақтады

ФИФА Қазақстанның жеңісін елеусіз қалдырмады

Футбол 2 сағат бұрын

ФИФА Қазақстанның жеңісін елеусіз қалдырмады

Қайрат Биекенов: Олимпиада және Әлем чемпионын дайындаған шетелдік маман бізге тегін кеңес береді

Басқа 3 сағат бұрын

Қайрат Биекенов: Олимпиада және Әлем чемпионын дайындаған шетелдік маман бізге тегін кеңес береді