20.03.2025
Дик Адвокат Қазақстан құрамасы жайында мақтау білдірді

Фото: Сейіл Қожатай
Футболдан Кюрасао құрамасының бас бапкері Дик Адвокат Қазақстан құрамасы жайында жылы лебізін білдірді.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Сейіл Қожатай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиевке «Жақсы ойын көрсеттіңіздер. Уэльспен ойында сәттілік тілеймін» деді.
Матчтан кейін Кюрасао құрамасының бас бапкері Дик Адвокат Әли Ханалиұлына жылы лебіздерін айтып, ойын үшін алғысын айтты.
Дик Адвокат Нұралы Әліптің ойынын мақтады, «Зениттегі» матчын көріп жүрмін дейді. Сондай-ақ голландиялық бапкер алдағы ойынға сәттілік тілеген.
