20.03.2025
Бүгін Ұлттар лигасында плей-офф кезеңі басталады

Фото: YouTube
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасында плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары басталады.
А лигасы бойынша сегіз құрама жартылай финалға шығатын төрттікті анықтайды. Бүгін ширек финалда Хорватия мен Франция, Италия мен Германия, Дания мен Португалия, Нидерланд пен Испания құрамалары кездеседі. Қарымта ойындар 23 наурызға белгіленген.
Үздік шыққан төрт құрама маусым айында жартылай финалға шығып, аталған турнирдің үздігін анықтауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ қалған үш лигада қай құрамалар алдағы маусымда қандай лигада ойнайтынын анықтайды. Оған әрбір топта екінші және үшінші орын алған құрамалар қатысады.
А/B лигасының плей-офф сатысында бүгін Түркия мен Венгрия, Украина мен Бельгия, Австрия мен Сербия, Грекия мен Шотландия шеберлік байқасады.
Ал B/C лигаларының плей-офф сатысында Словакия мен Словения, Косово мен Исландия, Армения мен Грузия, Болгария мен Ирландия ойнайды.
C/D лигалары бойынша кездесулер 26 және 31 наурыз күндеріне белгіленген. Жарыстың аталған сатысында Латвия мен Гибралтар, Мальта мен Люксембург кездеседі.
