20.03.2025
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Фото: ҚФФ
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Шымкентте өтетін International Friendly Youth Tournament жарысына шақырылған футболшыларының кеңейтілген тізімі белгілі болды.
Турнирге төрт команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Тәжікстан (барлығы – U-16).
Жарыс қатысушылары бір-бірімен бір ойыннан өткізеді. Барлық матчтар Шымкент қаласындағы БИІК футбол орталығында өтеді.
Қазақстан U-16 құрамасы турнирге дайындықты Талғардағы ҚФФ ұлттық құрамалар базасында өткізуде.
Қақпашылар: Абай Заманбек (ҚФФ академиясы), Арнұр Дүкенбаев (ҚФФ академиясы), Байжан Асхат (ҚФФ академиясы);
Қорғаушылар: Алиасқар Рахимбаев (ҚФФ академиясы), Никита Лисохмар (ҚФФ академиясы), Михаил Турищев (ҚФФ академиясы), Арғын Жұмагелді (ҚФФ академиясы), Бахтияр Оразғалиев (ҚФФ академиясы), Данияр Қаси (ҚФФ академиясы), Дамир Қуанышев (ҚФФ академиясы), Дінмұхамед Жақұпов (ҚФФ академиясы), Әлихан Әбді («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Әмір Оспанов (ҚФФ академиясы), Мансұр Болат (ҚФФ академиясы), Радмир Хизметов (ҚФФ академиясы), Платон Шипицин (ҚФФ академиясы), Асхат Дұтпаев (ҚФФ академиясы), Сұлтан Дәуренов (ҚФФ академиясы), Давид Заречный (ҚФФ академиясы), Артем Шалыгин (ҚФФ академиясы); Абдрахман Сарбасов («Қайрат»);
Шабуылшылар: Айбын Дәулетұлы (ҚФФ академиясы), Алан Бабашев (ҚФФ академиясы), Роман Черноморец («Қайрат»), Шыңғыс Аликеев («Бенфика», Португалия);
