22.03.2025
Уэльс - Қазақстан матчына кім қазылық етеді?

УЕФА Қазақстанның 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуіндегі алғашқы матчына төрешілерді тағайындады, деп хабарлайды Sport12.kz
Құрамамыз 23 наурызға қараған түні Кардиффте Уэльс құрамасымен кездеседі.
Бұл кездесуде литвалық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Бас қазы – Донатас Румшас, оған Александр Радиуш пен Довидас Сужиделис көмек көрсетеді. Төртінші төреші – Манфредас Лукьянчукас. VAR төрешілері – Донатас Шименас пен Орестас Абрамавичюс.
Уэльспен кездесуден кейін Қазақстан құрамасы 26 наурызға қараған түні сырт алаңда Лихтенштейнге қарсы матч өткізеді.
