5 күн бұрын
«Барселона» немесе «Ливерпуль» әлем чемпионатына қатысуы мүмкін

«Барселона» немесе «Ливерпуль» 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында мексикалық «Леонның» орнын басуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz
Sport.es мәліметінше, қазіргі уақытта Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) «Леонның» орнын кім басатынын түпкілікті шешкен жоқ. Алайда бұл орынға аталған екі еуропалық топ-клубтың бірі басты үміткер.
ФИФА «Леонды» турнирден шеттеткен, себебі команда клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын мексикалық «Пачукамен» иесі бір.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді.
