23.03.2025
Ұлттар лигасы: Плей-офф сатысының қарымта ойындары өтеді

Фото: championat.com
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасында плей-офф кезеңінің қарымта ойындары басталады.
А лигасы бойынша сегіз құрама жартылай финалға шығатын төрттікті анықтайды. Бүгінгі ойындарда Франция мен Хорватия (алғашқы ойын 0:2), Португалия мен Дания (0:1), Германия мен Италия (2:1), Испания мен Нидерланд (2:2) кездеседі.
Үздік шыққан төрт құрама маусым айында жартылай финалға шығып, аталған турнирдің үздігін анықтауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ қалған үш лигада қай құрамалар алдағы маусымда қандай лигада ойнайтынын анықтайды. Оған әрбір топта екінші және үшінші орын алған құрамалар қатысады.
А/B лигасының плей-офф сатысында бүгін Венгрия мен Түркия (1:3), Бельгия мен Украина (1:3), Сербия мен Австрия (1:1), Шотландия мен Грекия (1:0) шеберлік байқасады.
Ал B/C лигаларының плей-офф сатысында Словения мен Словакия (0:0), Исландия мен Косово (1:2), Грузия мен Армения (3:0), Ирландия мен Болгария (2:1) ойнайды.
C/D лигалары бойынша кездесулер 26 және 31 наурыз күндеріне белгіленген. Жарыстың аталған сатысында Латвия мен Гибралтар, Мальта мен Люксембург ойнайды.
