23.03.2025
Крейг Беллами: Қазақстанмен өтетін ойын қиынға соғатынын білдік

Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстаннан 3:1 есебімен жеңіске жеткен ойын туралы пікір білдірді.
— Бұл қиын ойын болатынын білдік. Өйткені қарсыластың энергиясы көп. Олар бұған дейін В лигасында өнер көрсетіп, мықты қарсыластарға қарсы ойнады. Сондықтан шыдамдылық танытуымыз керек екенін де білдік. Қазір біз бұрынғыдан өзгеше ойын үлгісін көрсетіп жүрміз. Мұнда дұрыс немесе бұрыс ештеңе жоқ. Тек мен команданың допты көбірек бақылап, оны қарсыласты өзімізге тарту үшін жылжытқанын қалаймын. Мен ойыншыларға осы ойымды жеткізуге тырыстым. Кейде олар бұл тактиканы ұстанғысы келмеді. Шыдамдылық таныту маңызды: ойын ұзаққа созылған сайын қарсыластың қорғанысындағы бос аймақтар көбейе түседі. Ал біз оларды пайдалана аламыз. Сондықтан нәтижеге көңілім толады.
Әрине, мұндай ойын схемасымен біз қарымта шабуылдарға осал болдық. Бұны білдік, бірақ есепті ұлғайтқымыз келді. Ашық айтсам, ойынды толық бақылауда ұстау біз үшін өте маңызды болды. Бұл алдағы кездесулерде де басты фактор болмақ. Ойында допты 70 пайыздан астам уақыт бақыладық деп ойлаймын. Мен әдетте допты ұстау статистикасына аса мән бермеймін. Бірақ егер бұл жеңіске жетуге көмектессе, онда мұндай тәсілді таңдар едім. Жалпы, бұл нәтиже – қиын топтағы іріктеу кезеңін жақсы бастауға мүмкіндік беретін оң көрсеткіш, – деді Беллами.
