7 күн бұрын
Али Алиев - футболдан Қазақстан құрамасының 22-бапкері

Фото: kazfootball.kz
Футболдан Қазақстан құрамасының 44-жастағы бас бапкері Али Алиев бұл қызметке тағайындалған 22 маман болып отыр.
Ұлттық құрама тарихында аталған міндетті 12 қазақстандық және 10 шетелдік маман атқарды. Олардың арасынан чехиялық Мирослав Беранек үш жылға жуық құрамаға жетекшілік жасады. Ал Владимир Фомичев небәрі бір мәрте құрама тізгінін ұстады.
Ойнаған матчтар бойынша
1. Арно Пайперс (Нидерланд) – 36 ойын (2006-2008);
2. Мирослав Беранек (Чехия) – 24 (2011-2013);
3. Магомед Адиев (Ресей) – 21 (2022-2024);
4. Серік Бердалин – 20 (1995-1997);
5. Михал Билек (Чехия) – 18 (2019-2020).
Жинаған ұпай бойынша
1. Бақтияр Байсейітов – 71,4%
2. Вахид Масудов – 59,3%
3. Воит Талгаев – 55,6%
4. Магомед Адиев (Ресей) – 54,0%
5. Андрей Карпович – 50,0%.
