24.03.2025
Ұлттар лигасы: Франция Хорватияны орта жолда қалдырды

Фото: championat.com
Футболдан UEFA Ұлттар лигасында плей-офф кезеңінің қарымта ойындары өтті.
А лигасы бойынша сегіз құрама жартылай финалға шығатын төрттікті анықтады.
Алғашқы кездесуде Хорватиға 0:2 есебімен жол берген Франция өз алаңында аталған қарсыласын ойынның негізгі кезеңінде дәл сондай есеппен жеңді. Жеңімпаз пенальти тебу арқылы анықталып, бұл жолы 5:4 есебімен франциялық футболшылар басым түсті.
Ал Португалия бірінші ойында Данияға 0:1 есебімен есе жіберіп қойған еді. Қарымта кездесуде олар қарсыласын 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ Германия Италиямен 3:3 есебімен тең түсті. Бірінші ойындаолар қарсыласын 2:1 есебімен жеңген болатын. Осыған байланысты жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Аталған лигада Испания мен Нидерланд құрамалары екі ойында 3:3, 2:2 еесбімен тең түсіп, жеңімпаз пенальти арқылы белгілі болды. Бұл жолы испаниялық футболшылар 5:4 есебімен жеңімпаз атанды.
Нтижесінде 1/4 финалға Португалия, Франция, Германия және Испания жолдама алды.
Қалған үш лигада қай құрамалар алдағы маусымда қандай лигада ойнайтынын анықтады. Оған әрбір топта екінші және үшінші орын алған құрамалар қатысты.
А/B лигасының плей-офф сатысында екі ойында Венгрия Түркия (0:3, 1:3), Бельгия мен Украина (3:0, 1:3), Сербия мен Австрия (2:0, 1:1), Шотландия мен Грекия (0:3, 1:0) алдағы маусымда өздерінің қай лигада ойнайтынын анықтады. Нәтижесінде Түркия, Грекия, Бельгия, Сербия А лигасында бақ сынайтын болды.
Ал B/C лигаларының плей-офф сатысында Словения мен Словакия (1:0, 0:0), Исландия мен Косово (1:3 1:2), Грузия мен Армения (6:1, 3:0), Ирландия мен Болгария (2:1, 2:1) ойнады. Сол арқылы алдағы маусымда В лигасында Словения, Косово, Грузия, Ирландия сынға түсуге мүмкіндік алды.
C/D лигалары бойынша кездесулер 26 және 31 наурыз күндеріне белгіленген. Жарыстың аталған сатысында Латвия мен Гибралтар, Мальта мен Люксембург ойнайды.
