7 күн бұрын
Георгий Жуков жанкүйерлерден кешірім сұрады

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы ойыны алдында бүгін баспасөз мәслихатын өтті.
Жартылай қорғаушы Георгий Жуков пікірін білдіріп, жанкүйерлерден кешірім сұрады.
- Қазір құрамада үміт күттіретін футболшылар көп. Әрбір ойында күш саламыз. Жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Өткен ойында жасыл алаңға шықтым. Құжатым бойынша ешқандай проблема жоқ. Ұлттық құрамаға шақыруды ұзақ күттім. Мен құрамаға ойнамайтыным жөнінде ешқашан айтқан емеспін. Ол уақытта Қытайда карантин болды. Ол менің жауапкершілігіме жатпайды. Құрамаға шақыру алғаннан кейін ол сенімді ақтауың тиіс. Өз тарапымнан бас бапкерге алғыс айтамын. Ол маған тағы бір мәрте сенім артып отыр. Егер менің бұдан бұрын айтқан сөзіме реніш білдіргендер болса олардан кешірім сұраймын, - деді Георгий Жуков.
