6 күн бұрын
Англия құрамасы екі турда алты ұпай алды

Фото: championat.com
24 наурызда Еуропада 2026 жылғы әлем чемпионаты екінші турының ойындары басталды.
Бұл турда G тобында Литва мен Финляндия 2:2 есебімен тең ойнаса, Польша Мальтадан 2:0 есебімен басым түсті.
Алғашқы екі турдан кейін ұпай жоғалтпаған Польша аталған топта көш бастап тұрса, Финляндияның төрт, Литваның бір ұпайы бар. Әзірге Мальтаның еншісінде ұпай жазылмаған.
Сондай-ақ Н тобында Босния-Герцоговина доп додасын сәтті бастады. Олар екінші турда Кипрді 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Сан-Марино мен Румынияға 1:5 есебімен ойсырай жеңілді.
Аталған топтағы Босния-Герцоговина алты, Румыния мен Кипрдің үш ұпай еншілесе, Сан-Мариноның қоржыны бос.
Екінші турда K тобында Албания Андорраны, Англия Латвияны 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Бұл топта Англия алты, Албания мен Латвия үш ұпай алса, Андорра бірде-бір ұпай ала алған жоқ.
