7 күн бұрын
Әлем чемпионаты: Норвегия екінші жеңісіне жете ала ма?

Фото: kff.kz
Бүгін, 25 наурызда Еуропада 2026 жылғы әлем чемпионаты екінші турының екінші ойын күні өтеді.
Бұл күні I тобында Норвегия сырт алаңда Израильмен кездессе, тағы бір кездесуде Молдова мен Эстония (21:50. «Qazsport») шеберлік байқасады.
Алғашқы турда Норвегия Молдованы 5:0 есебімен жеңсе, Израиль Эстонияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал L тобында Гибралтар мен Чехия, Черногория мен Фарер аралдары ойнайды.
Бірінші турда Черногория Гибралтарды 3:1, Чехия Фарер аралдарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан J тобындағы тағы бір кездесуде Солтүстік Македония Уэльспен күш сынасады.
Бұл топта қазақстандық футболшылар сырт алаңда Лихтенштейнмен шеберлік байқасады.
Алғашқы турда Солтүстік Македония Лихтенштейнді 3:0 есебімен тізе бүктірсе, Қазақстан Уэльске 1:3 есебімен жол берді.
