5 күн бұрын

Азия чемпионатында қазақстандық бір балуан алтынға таласады

Азия чемпионатында қазақстандық бір балуан алтынға таласады

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен бір балуан финалға шықса, төртеуі қолаға таласады.

Ел құрамасынан Әлімхан Сыздықов (130 келі) финалға дейін Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңді. Финалда оған Иран спортшысы қарсылас атанды.

Ал Ербол Қамалиев (55 келі) 1/4 финалда Ирак балуанына есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде жеңіске жеткен ол енді қола жүлдені өзбекстандық балуанмен сарапқа салады.

Сондай-ақ Сұлтан Әсетұлы (63 келі) екі қарсыласын қапы қалдырғанмен жартылай финалда өзбекстандық Айтжан Халмахановтан жеңіліп қалды. Енді ол Солтүстік Корея спортшысымен қола медальға таласады. 

Қазақстандық тағы бір балуан Ибрагим Магомадов (77 келі) бірінші белдесуінде оңтүстіккореялық балуанды жеңді. Одан кейін Өзбекстан балуаны Адам Варданянға есе жіберді. Енді Ибрагим үшінші орын үшін Иордания балуанымен бозкілемге шығады.

Ел құрамасынан Шамиль Ожаев (87 келі) ширек финалда қырғызстандық спортшыны тізе бүктірді. Ал жартылай финалда өзбекстандық балуаннан жеңіліп қалды. Алдағы белдесуде ол Оңтүстік Кореядан келген спортшымен шеберлік байқасады. 



Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Күрес 6 сағат бұрын

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Футбол 6 сағат бұрын

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Азамат Дәулетбеков Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Күрес 6 сағат бұрын

Азамат Дәулетбеков Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Футзал 6 сағат бұрын

Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Зейнолла Ыдрысов Штутгарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

Футбол 6 сағат бұрын

Зейнолла Ыдрысов Штутгарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

Болат Сақаев Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Күрес 6 сағат бұрын

Болат Сақаев Азия чемпионатында күміс жүлде алды