5 күн бұрын

ҚФФ Стас Покатиловтің құрама сапынан неге кеткенін түсіндірді

ҚФФ Стас Покатиловтің құрама сапынан неге кеткенін түсіндірді

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы қақпашы Стас Покатиловтің құрама сапынан неге кеткенін түсіндірді.

Бүгін федерация әлеуметтік желідегі парақшасында Стас Покатилов Лихтенштейнмен ойынға қатыспайтынын атап өтті.

– Стас Покатилов – өте тәжірибелі ойыншы, және оның құрамада болуы ұлттық құрама үшін өте маңызды. Ол өзінің баға жетпес тәжірибесімен жас ойыншыларға бәсекелестік рухын сіңіруге көмектеседі. Алайда, өкінішке қарай, ол Лихтенштейнге қарсы матчқа қатыса алмайды, себебі шенген визасын рәсімдеуде қиындықтар туындады.
Жақында Стас «Сабах» клубымен келісімшартқа отырып, Әзербайжанда тығыз ойын және жаттығу кестесінде болды. Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттарды, оның ішінде паспортты, сапардан кемінде 15 жұмыс күні бұрын тапсырып, оны консулдықта шамамен 7 жұмыс күніне қалдыру қажет.
Алайда, Әзербайжан аумағында жүріп-тұруы үшін Стасқа паспорты қажет болғандықтан, оны осыншама ұзақ мерзімге елшілікте қалдыру мүмкін болмады.
Осыған байланысты жаттықтырушылар штабының шешімімен ол тек Уэльс құрамасына қарсы ойынға шақырылды, – деп жазылған хабарламада.


Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Күрес 6 сағат бұрын

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Футбол 6 сағат бұрын

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Азамат Дәулетбеков Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Күрес 6 сағат бұрын

Азамат Дәулетбеков Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Футзал 6 сағат бұрын

Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Зейнолла Ыдрысов Штутгарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

Футбол 6 сағат бұрын

Зейнолла Ыдрысов Штутгарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

Болат Сақаев Азия чемпионатында күміс жүлде алды

Күрес 6 сағат бұрын

Болат Сақаев Азия чемпионатында күміс жүлде алды