28.03.2025

Қажымұқанның ізбасарлары қайда жүр?

Қажымұқанның ізбасарлары қайда жүр?

Фото: olympic.kz

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында әзірге қазақстандық балуандар алтынға қол жеткізе алатын түрі жоқ. Қазірге дейін грек-рим және әйелдер күресінен қоржынымыз бос тұр.

Құрлықтық додаға күрестің екі түрінен де барлық салмақта балуандар барды. Дегенмен кежегеміз кейін тартып, қолда тұрған жеңістен айырылып қалып атқан жайымыз бар. 

Ал грек-рим күресінен Ербол Камалиев (55 келі), Қабдыл Бақытжан (60 келі), Сұлтан Әсетұлы (63 келі), Мейіржан Шермағанбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі), Ибрагим Магомадов (77 келі), Омар Сатаев (82 келі), Шамиль Ожаев (87 келі) Ілияс Гучигов (97 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) ел намысын қорғайды.

Олардың арасында ресейлік Шамиль Ожаев қола жүлдегер атанды. Дегенмен ол көңілден шығатын дегейде күресе алды ма? Мемлекет басшысының өзі шетелден легионер тартуға тыйым салу қажеттігін айтты. Қазақстандық балуандарды тәрбиелеудің орнына өзге елден спортшылар шақырғанымыз қалай? 

Жалпы, биылғы құрлықтық додада қазақстандық балуандар 2 күміс, 2 қола медальді місе тұтты. Ал көршілес Өзбекстан балуандары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола алды.

Былтыр Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен құрлықтық додада грек-рим күресінің шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола олжалаған еді.

Ал әйелдер күресінен Светлана Анкичева (50 келі), Зейнеп Баянова (53 келі), Зульфия Яхъярова (55 келі), Нилуфар Раимова (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Тыныс Дүбек (62 келі), Гауһар Мұқатай (65 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) ел намысын қорғады.

Жарыстың алғашқы күнінде Ел құрамасынан Светлана Анкичева (50 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Ирина Казюлина (68 келі) қола үшін белдесуіне қарсыластарына есе жіберіп, жүлдеден тыс қалып қойды. Ал Зүлфия Яхьярова (55 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) жарысты ертерек аяқтады.

Бүгін Жәмила Бақбергенова финалға шықса, Тыныс Дүбек (62 келі), Зейнеп Баянова (53 келі), Гауһар Мұқатай (65 келі) қола жүлдені сарапқа салады. Олардың өзі іріктеу сатысында қарсыластарына есе жіберіп қойған еді. Қарсыластарына финалға шығуына байланысты енді олардың қолаға таласуға мүмкіндігі туды. Ал Нилуфар Раимова (57 келі) жүлдеден тыс қалып қойды. Сондықтан оларды бабында деп айта аламыз ба? Жылдағы жағдай осыған ұқсас. Қазақстандық бапкерлер шәкірттерінің шеберлігін шыңдап, бұрынғы қателігін қайталамауға тырысуы қажет емес пе? Әлде, оған етіміз үйреніп кеткен бе?

Енді ертең еркін күрестен Рахат Қалжан (57 келі), Балғабай Мұхамед (61 келі), Нұрсұлтан Садық (65 келі), Начын Куулар (70 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Дәулет Ергеш (79 келі), Болат Сақаев (86 келі), Азамат Дәулетбеков (92 келі), Ризабек Айтмұхан (97 келі) және Нұрсұлтан Азов (125 келі) сынды балуандарға сенім артамыз.

 Десе де олардың арасынан жүлдеге ілінеді қайсысын айта аламыз? Әрине, үш ас деңгейі бойынша әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханның жөні бөлек. Сондай-ақ Азамат Дәулетбековтен де үмітіміз бар.

Күресті қазақтың жанына жақын спорт түрі деп бағалайды. Кезінде Қажымұқан атамыз ешкімге бет қаратпай, жеңіс тұғырынан көрінді емес пе? Жақсылық Үшкемпіров. Дәулет Тұрлыханов, Шәміл Серіков секілді балуандар кезінде әрдайым көш басында болды. Біз қашан түрлерінен алдыңғы қатардан көріне аламыз?

 Оның орнын қазір кім баса алады? 

Әділжан Үмбет. 

13 жастағы қазақстандық америкалық хоккей академиясымен келісімшартқа отырды

Хоккей

13 жастағы қазақстандық америкалық хоккей академиясымен келісімшартқа отырды

Нариман Курбанов Азия чемпионы атанды

Басқа

Нариман Курбанов Азия чемпионы атанды

Милад Карими - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Басқа

Милад Карими - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Симоне Индзаги «Әл-Хиляль» клубының бас бапкері ретінде мәлімдеме жасады

Футбол 7 минут бұрын

Симоне Индзаги «Әл-Хиляль» клубының бас бапкері ретінде мәлімдеме жасады

Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты

Теннис 35 минут бұрын

Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты

Мерей Ақшалов: Мейірім Нұрсұлтанов пен Жәнібек Әлімханұлы өзара жұдырықтасуы тиіс

Бокс 1 сағат бұрын

Мерей Ақшалов: Мейірім Нұрсұлтанов пен Жәнібек Әлімханұлы өзара жұдырықтасуы тиіс