30.03.2025
«Тобыл» мен «Елімай» теің түсті

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты үшінші турында қостанайлық «Тобыл» мен семейлік «Елімай» теі нәтижеге қанағат білдірді.
Екі команда биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді қалайды. Сондықтан әрбір кездесуде олар ұпай олжалауды көздейді.
Бүгінгі кездесу барысында қостанайлық клубтан Николай Сигненвич 9-минутта есеп ашса, оған семейлік командадан Флореску Эдуард-Мариан 92- минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша қарсыластар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Дәл осындай есеп «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесуінде тіркелді.
Айта кетсек, бүгін елордалық «Астана» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» 3:0, «Ақтөбе» сырт алаңда «Атырауды» 4:0 есебімен тас-талқан етіп жеңсе, «Ұлытау» мен «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебімен тең ойнады.
Аталған турдың алғашқы ойын күні, 29 наурызда «Қайрат» сырт алаңда түркістандық «Тұранды» 2:1 есебімен тізе бүктірсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:2 есебімен тең ойнады.
Енді алдағы тур ойындары 5 және 6 сәуір күндеріне белгіленген.
