31.03.2025

Freedom QJ League – дамуға жақсы серпін беретін платформа

Freedom QJ League – дамуға жақсы серпін беретін платформа

Өткен жылдан бастап Freedom QJ League клубтары құрамында тек Лига командаларымен жұмыс істейтін әкімші, дәрігер, медиа-офицер және маркетолог болуын міндетті етті. Жаңа маусымда тағы екі лауазым қосылады: менталды даярлық бапкері мен үйлестіруші.

Бұл деректер Freedom QJ League-тің үшінші маусымының басталуына арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Сондай-ақ, спорттық-аналитикалық бөлім екі жаңа жобаны іске қосады: «Болашақ ойыншысы» және «Болашақ бапкері». Бұл жобалардың мақсаты – дарынды ойыншылар мен бапкерлерге маусым бойы жеке қолдау көрсету, олардың әлеуетін толық ашуға көмектесу. САБ үшін «ақылды» камералар орнату және жаттығу үдерісінің видеоаналитикасын енгізу жобасы аясында (Freedom Telecom-мен бірлесіп жүзеге асады) терең статистика жинау мен өңдеу мүмкіндіктері артады.

«Біз шын жүректен сенеміз: футбол – ең танымал, ең бұқаралық спорт түрі. Біздің еліміз бұл ойынды шынымен жақсы көреді. Ойыншылар мен мамандар арасында да таланттар жеткілікті, және дұрыс тәсіл қолданылса, біз әдемі әрі үздік футбол көрсете аламыз. Қазақстандық футболшылардың Еуропада және әлемдегі беделді жарыстарда жеңіске жетпеуіне ешқандай себеп жоқ.
Ол үшін ұзақмерзімді жоспарлау қажет. Бұл ұзақ жол, оны дұрыс және жүйелі өту керек. Біз осы жолдың бір бөлігін өтіп, әрі қарай да жүріп келеміз. Егер осы бағыт жалғаса берсе, алдағы жылдары қазақстандық футбол сапалы дамып, алдымен өз ойыншыларымен мақтана алады», – деді Лига қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.
«Әр маусым – ерекше, бірақ бұл жолы біз алғаш рет қыздарға арналған турнирді іске қосамыз. Бұл – үлкен оқиға, себебі ол қазақстандық қыздар үшін футболдағы жаңа жолды ашады.
Freedom QJ League – дамуға жақсы серпін беретін платформа. Бұл – құр сөз емес, оны бәрі көріп, түсініп отыр. Аймақтарда қыздарға арналған турнирді ұзақ күткен: бұл туралы маған жеке кездесулерде де, әлеуметтік желілерде де айтқан. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр, Лига біртіндеп дамып келеді», – деді Лига президенті Рохус Шох.
«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

Футбол 1 сағат бұрын

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды

Футбол 2 сағат бұрын

«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды

Анна Данилина Лондондағы турнирді сәтті бастады

Теннис 4 сағат бұрын

Анна Данилина Лондондағы турнирді сәтті бастады

Әлем чемпионаты-2026: Нұралы Әліп іріктеу турнирінде үздік деп танылды

Футбол 5 сағат бұрын

Әлем чемпионаты-2026: Нұралы Әліп іріктеу турнирінде үздік деп танылды

Клубтар арасындағы әлем чемпионтында қай команда жеңімпаз болады?

Футбол 5 сағат бұрын

Клубтар арасындағы әлем чемпионтында қай команда жеңімпаз болады?

Данияр Елеусінов рингке оралатын күн белгілі болды

Бокс 5 сағат бұрын

Данияр Елеусінов рингке оралатын күн белгілі болды