01.04.2025

«Барселона» клубы рекорд жаңартты

«Барселона» клубы рекорд жаңартты

Каталониялық «Барселона» футбол клубы Ханси Фликтің жетекшілігімен осы маусымда 45 ойында 139 гол соқты. 

Бұл маусымның алғашқы 45 ойынында соғылған голдар саны бойынша Ла Лига командалары арасындағы тарихтағы ең жоғарғы көрсеткіш.

30 наурыз күні «Барселона» мен «Жирона» арасында Ла Лиганың 29-турының матчы өтті. Ол ойында каталондықтар 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Испания чемпионатының 29 матчында Флик шәкірттері – 82 гол, Чемпиондар лигасындағы 10 матчта – 32 гол, Испания кубогында 4 матчта – 18 гол, сондай-ақ Испания Суперкубогының екі кездесуінде 7 гол соққан. Бұндай нәтижеге бұған дейін испаниялық бірде-бір клуб жетпеген.

«Барселона» қазір 66 ұпаймен Ла Лиганың турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Еншісінде 21 жеңіс, 3 тең ​​ойын және 5 жеңіліс бар.

Симо́не Индза́ги «Интердің» бас бапкері қызметінен кетті

Футбол 6 сағат бұрын

Симо́не Индза́ги «Интердің» бас бапкері қызметінен кетті

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургке есе жіберді

Футбол 6 сағат бұрын

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургке есе жіберді

Максим Самородов Ресейде «Маусымның үздік голы» иегері атануы мүмкін 

Футбол 8 сағат бұрын

Максим Самородов Ресейде «Маусымның үздік голы» иегері атануы мүмкін 

Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингте жоғарылады

Басқа 11 сағат бұрын

Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингте жоғарылады

ҚПЛ клубына бас бапкер тағайындалды

Футбол 11 сағат бұрын

ҚПЛ клубына бас бапкер тағайындалды

IFAB ұйымы пенальти тебу ережесін өзгертті

Футбол 12 сағат бұрын

IFAB ұйымы пенальти тебу ережесін өзгертті