03.04.2025

Бауыржан Тұрысбек Дастан Сәтпаевтың бала кезде қандай болғанын айтты

Бауыржан Тұрысбек Дастан Сәтпаевтың бала кезде қандай болғанын айтты

Фото: instagram/d.satpayev

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Бауыржан Тұрысбек Дастан Сәтпаевтың балалық шағын өз көзімен көргені туралы айтып берді.

Бұл туралы ол «Спорт Пульс» Youtube-арнасындағы подкастта сөз қозғады.

– 2018 жылы Алматыдан пәтер алып, Дастанмен көрші тұрдым. Біз бірге аулада жиі доп тебетінбіз. Ол сол кезде «Қайраттың» жейдесін тастамай киіп жүретін. Футбол ойнағанда оның допты жақсы игеретінін бірден байқадым. Екі аяғымен де шебер ойнайтын. Жастайынан сенімді ойын көрсетті. Сол кезде әйеліме: «Бұл баланың болашағы жарқын. Шетелдік клубқа ауысатынына сенімдімін», – деген едім, – деді Бауыржан Тұрысбек.

Еске салсақ, жуырда Дастан Сәтпаев ағылшындық «Челси» клубының ойыншысы атанды. Лондондық клуб «Қайраттың» шабуылшысын 4,3 миллион еуроға сатып алды. Алайда Дастан кәмелеттік жасқа толғанға дейін алматылық клуб сапында ойнауын жалғастырады.

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Басқа 30 минут бұрын

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Қазақстандық UFC жауынгерлері Бакуде өтетін турнирге жол тартты

ММА/UFC 1 сағат бұрын

Қазақстандық UFC жауынгерлері Бакуде өтетін турнирге жол тартты

18 жастағы спортшы әлемдік рекорд орнатты

Басқа 2 сағат бұрын

18 жастағы спортшы әлемдік рекорд орнатты

Юлия Путинцева Ұлыбританияда сенсациялық жеңіліске ұшырады

Теннис 2 сағат бұрын

Юлия Путинцева Ұлыбританияда сенсациялық жеңіліске ұшырады

Рафаэль Надальдың ракеткасы рекордтық сомаға сатылды

Теннис 3 сағат бұрын

Рафаэль Надальдың ракеткасы рекордтық сомаға сатылды

Азия чемпионатының жүлдегері Нидерландтағы турнирде бақ сынады

Жеңіл атлетика 4 сағат бұрын

Азия чемпионатының жүлдегері Нидерландтағы турнирде бақ сынады