04.04.2025

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы екінші ойында жеңілді

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы екінші ойында жеңілді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейін қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде екінші ойынын Косовоға қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық Жансезім Айсапар есеп ашқан еді. Дегенмен ел құрамасы екінші таймда жауапсыз екі гол өткізіп алды. Ойынның 89-минутында қорғаушы Карина Ботабек екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осылайша қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп, екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетсек, бұдан бұрын олар Латвияға 1:3 есебімен ұтылып қалды. Біздің құрамадан Адина Бейбіт гол соқты.

Енді олар 7 сәуірде Мальтамен шеберлік байқасады.

Әрбір топта бірінші орын алған құрамалар алдағы маусымда А лигасында бақ сынайды. Сондай-ақ Польшада өтетін финалдық кезеңге қатысуға ммүмкіндік алады.

Қазақстандық футболшылар бірінші іріктеу кезеңінде Румыния мен Латвиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, Лихтенштейннен 7:0 есебімен басым түсті.


 

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Бокс

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Дзюдо 7 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 Мағжан Шамшадин әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Дзюдо 9 сағат бұрын

 Мағжан Шамшадин әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты

Дзюдо 10 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Дзюдо 10 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин ширек финалда күреседі

Дзюдо 11 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин ширек финалда күреседі