06.04.2025

ҚПЛ: «Ақтөбе» «Қайсарды» ірі есеппен жеңді

ҚПЛ: «Ақтөбе» «Қайсарды» ірі есеппен жеңді

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші турында «Ақтөбе» қызылордалық «Қайсарды» сенімді түрде жеңді. 

Кездесу барысында ақтөбелік клубтан Бағдат Қайыров 14 Дархан Бердібек 43, Идрис Умаев 55, Оралхан Өміртаев 75-минутта гол соқса, оған қызылордалық командадан Айбар Жақсылықов 89-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ бүгін «Қайрат» «Атырауды» 4:1 есебімен жеңді. 

Ал 5 сәуірде «Астана» «Ордабасыны» 2:1, «Тұран» «Қызылжарды» 3:2, «Тобыл» «Оқжетпесті» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, талдықорғандық «Жетісу» мен астаналық «Жеңіс» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір «Елімай» (Семей) мен «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге семейлік клуб 1:0 есебімен алда келеді.


Алматыда өткен халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар он алтын жеңіп алды

Бокс

Алматыда өткен халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар он алтын жеңіп алды

Бруну Фернандеш саудиялық клубтың ұсынысын кері қайтарды

Футбол

Бруну Фернандеш саудиялық клубтың ұсынысын кері қайтарды

2 дүркін Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бокс 3 минут бұрын

2 дүркін Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Ресей құрамасының экс-футболшысы «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Футбол 28 минут бұрын

Ресей құрамасының экс-футболшысы «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Қазақстандық төрешілер әлем чемпионатында қазылық етеді

Күрес 2 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер әлем чемпионатында қазылық етеді

Елдос Сметов кәсіби мансабын қашан аяқтағысы келгенін айтты

Дзюдо 3 сағат бұрын

Елдос Сметов кәсіби мансабын қашан аяқтағысы келгенін айтты