12.04.2025

Бактиер Зайнутдинов жасыл алаңға қашан оралады?

Бактиер Зайнутдинов жасыл алаңға қашан оралады?

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатынан әлі толық айықпаған, бірақ «Бешикташ» командасының жалпы тобына қосылып үлгерген. Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында футболшының қазіргі жағдайы туралы айтты.

Бас бапкердің сөзінше, ол Бахтиермен де, Ыстамбұл клубының медицина қызметкерлерімен де тұрақты байланыста.

«Біз Бахтиермен үнемі хабарласып отырамыз. Сондай-ақ «Бешикташтың» физиотерапевтімен сөйлестім, ол жақын күндері бірнеше процедура жасалатынын айтты. Бұл тұрғыда оларға «Байер» клубының медицина штабы да көмек көрсетіп жатыр. Дәрігерлердің болжауынша, шамамен бір аптадан кейін Бахтиер қайта алаңға жаттығуға шығуы мүмкін.

Бахтиердің көңіл-күйі жақсы, ол алаңға шығып, командаға көмектескісі келеді. Бірақ клубтың медицина қызметкерлері емдеу мерзімін сақтауды жөн көрген. Себебі бұл – жамбас артқы бұлшықетіне байланысты күрделі жарақат. Мұндай жарақатты өте мұқият емдеу қажет», – деді Әлиев.

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді

Футбол 21 минут бұрын

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді

Қазақстандық тағы екі боксшы Нидерландтағы турнирде финалға шықты

Бокс 44 минут бұрын

Қазақстандық тағы екі боксшы Нидерландтағы турнирде финалға шықты

Нидерландтағы турнирде Сабыржан Аққалықов қола жүлдені қанағат тұтты

Бокс 2 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Сабыржан Аққалықов қола жүлдені қанағат тұтты

Бессеттік триллердегі камбэк: Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

Теннис 2 сағат бұрын

Бессеттік триллердегі камбэк: Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

Нидерландтағы турнирде Абылайхан Жүсіпов финалға жолдама алды

Бокс 2 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Абылайхан Жүсіпов финалға жолдама алды

Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасында қола жүлдегер атанды

Футбол 6 сағат бұрын

Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасында қола жүлдегер атанды