12.04.2025
Владислав Саенко «Жеңіс» футбол клубына ауысты

Фото: kazfootball.kz
24 жасар қазақстандық қақпашы Владислав Саенко «Жеңіс» футбол клубының қатарына қосылды.
Влад елордалық футбол мектебінің түлегі. «Астана» жастар командасының құрамында екінші лигада және УЕФА Жастар лигасына қатысқан. Сондай-ақ «Ақжайық», «Қызылжар» және «Екібастұз» сияқты командаларда ойнаған. Өткен маусымда «Атырау» сапында ойын көрсетті.
2023 жылғы маусымда ол «Жеңіс» сапында ойнап, Қазақстан Бірінші лигасында 2 матч өткізуге үлгерді.
