13.04.2025

Криштиану Роналду өз клубына жеңіс сыйлады

Криштиану Роналду өз клубына жеңіс сыйлады

12 сәуірден 13 сәуірге қараған түні Сауд Арабиясының Про-лигасындағы 27-тур аясында «Әл-Наср» командасы «Әл-Риядпен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында басты қаһарман – Криштиану Роналду. Португалиялық шабуылшы сегіз минут ішінде қос гол соғып, командасын алға шығарды.

Айта кетейік, Роналду бұл қатарынан екінші матчта дубль жасап отыр. Бұған дейінгі турда да ол «Әл-Хиляль» қақпасына екі гол соғып, командасына 3:1 есебіндегі жеңісті алып келген болатын.

Бұл жолғы үш ұпай «Әл-Наср» үшін аса маңызды болды. Негізгі қарсыластары ұпай жоғалтқан соң, команда арақашықтықты бір ғана ұпайға дейін қысқартты. Қазір «Аль-Наср» 57 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр.

Осылайша, Криштиану Роналду өз мансабындағы голдар санын 933-ке жеткізді.

«Қайсардың» қақпашысына Акинфеевтің арнайы сыйлығы табысталды

Футбол 52 минут бұрын

«Қайсардың» қақпашысына Акинфеевтің арнайы сыйлығы табысталды

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді

Басқа 59 минут бұрын

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Бокс 1 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Теннис 1 сағат бұрын

Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Максим Самородовтың голы үздік деп танылды

Футбол 1 сағат бұрын

Максим Самородовтың голы үздік деп танылды

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін

Футбол 4 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін