13.04.2025

Қазақстан кубогы: «Астана» ширек финалға әрең шықты

Қазақстан кубогы: «Астана» ширек финалға әрең шықты

Фото: fcastana.kz

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан командалар қатарын «Ордабасы» мен «Астана» толықтырды.

Жарыстың 1/8 финалдық кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда алматылық «Хан тәңірі» командасымен кездесті. Алматылық клуб биыл бірінші лигада ойнайды. Ал шымкенттік команда Премьер-лигада соңғы орынның бірін місе тұтып келеді. Сондықтан «Ордабасы» бүгінгі ойынға негізінен негізгі құрамды шығарды.

Кездесу барысында «Хан тәңірі» футболшылары лайықты ойын көрсете білді. Десе де өздерінің қақпасына екі гол жіберіп алды. Ойынның 25-минутында шымкенттік клубтан Эвертон есеп ашса, 47-минутта Шериф Жимо есепті үстемелей түсті.

Осылайша қарсыласын 2:0 есебімен қапы қалдырған «Ордабасы» ширек финалға жолдама алды.

Тағы бір кездесуде көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында елордалық «Астана» командасын қабылдады. Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальти тебуде «Астана» 9:8 есебімен тізе бүктірді. Елордалық клуб келесі кезеңге шықты.

Дәл қазір «Жеңіс» (Астана) пен «Ақтөбе» кездесуінің бірініші кезеңі аяқталды. Әзірге есеп - 0:0.

Ал 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды. 

Енді ширек финалда «Ордабасы» мен «Астана» кездеседі. Сондай-ақ тағы екі жұпта «Қайрат» (Алматы) пен «Тұран» (Түркістан), «Елімай» (Семей) мен «Қызылжар» (Астана) шеберлік байқасады.  

Райан Шерки «Манчестер Сити» ойыншысы атанады

Футбол 2 сағат бұрын

Райан Шерки «Манчестер Сити» ойыншысы атанады

Франция құрамасының ойыншысы «Манчестер Ситиге» ауысады

Футбол 2 сағат бұрын

Франция құрамасының ойыншысы «Манчестер Ситиге» ауысады

Қазақстандық теннисші ATP рейтингінде жоғарылады

Теннис 2 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші ATP рейтингінде жоғарылады

Нидерландтағы турнирде бүгін бес боксшымыз алтынға таласады

Бокс 3 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде бүгін бес боксшымыз алтынға таласады

«Челси» тағы бір жас ойыншыны қатарына қосты

Футбол 3 сағат бұрын

«Челси» тағы бір жас ойыншыны қатарына қосты

Қазақстандық спортшылар осы аптада қандай жарыстарға қатысады?

Хабарландыру 3 сағат бұрын

Қазақстандық спортшылар осы аптада қандай жарыстарға қатысады?