13.04.2025
Қазақстан кубогы: «Ақтөбе» жарыс жолынан шығып қалды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Ақтөбе» жарыс жолынан шығып қалды.
Жарыстың аталған сатысында олар елордада жергілікті «Жеңіс» командасымен кездесті.
Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде елордалық клубтан Матия Ром 76-минутта соққан голы жеңіс алып келді.
Осылайша «Жеңіс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
«Ақтөбе» былтыр Қазақстан кубогының иегері атанған еді.
Енді олардың қарсыласы «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған) кездесуінен кейін анықталады.
Енді ширек финалда «Ордабасы» мен «Астана», «Қайрат» (Алматы) пен «Тұран» (Түркістан), «Елімай» (Семей) мен «Қызылжар» (Астана) шеберлік байқасады.
