20.08.2023
Дәурен Нұрғожин карьерасын аяқтады

Бірнеше жыл Қарғандының «Тұлпары» мен Алматының «Қайраты» сапында және Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен Дәурен Нұрғожин карьерасын аяқтады, деп хабарлайды sport12.kz.
Бұл туралы bet24.kz жазды. Нұрғожин EURO-2016 чемпионатының қола жүлдегері. Ал EURO-2018 және 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орынған. Ол – Қарағанды футзалының түлегі. Ел чемпионатында 2007 жылдан бері өнер көрсетті.
Алдымен «Тұлпар-Икар» сосын «Тұлпар» сапында ойнады. Қарағанды командасымен алты мәрте ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Бір рет үшінші орын алған. Екі рет Қазақстан кубогында топ жарды. Сонымен Суперкубокта жеңіске жеткен.
2015 жылы Алматының «Қайратына» ауысты. Содан бері 193 матч қатысып, 36 гол соққан. Ал ұлттық құрамада 75 матчта 18 голдың авторы атанды.
