24.08.2023
«Қайрат» АФК – «Спортинг» матчынан фоторепортаж

«Қайрат» АФК Португалияда өтіп жатқан футзалдан International Masters Cup халықаралық турнирінде алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды sport12.kz.
Алғешқы ойында қазақстандық клуб жергілікті «Спортингті» 6:3 есебімен жеңді.
Жеңіске жеткен команда сапында Денер Родриго, Кайо Руис, Эдсон (дубль), Дәурен Тұрсағұлов және Алиссон гол соқты.
Айта кетейік, турнир топтық кезең форматында өтеді. «Спортинг», «Бенфика» және «Брага» командалары Қазақстанның қазіргі чемпиондарымен кездеседі.
