25.08.2023
«Қайрат» АФК Португалияда «Бенфиканы» жеңді

Алматылық «Қайрат» футзалдан Португалияда өтіп жатқан «International Masters Cup» турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті.
Қазақстандық команда екінші кездесуінде Португалияның «Бенфика» клубымен шеберлік байқасты.
Ойын 5:2 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Олардың қатарынан Кайо Руис пен Алекс Виана екі голдан соқса, Денер Родриго бір мәрте мергендік танытты.
Айта кетсек, «Бенфика» 2009/10 жылғы маусымда футзалдан УЕФА кубогының (қазіргі футзалдан Чемпиондар лигасы) жеңімпазы болған.
Енді алматылық клуб 26 тамызда елорда уақытымен 23:30-де португалиялық «Брагамен» кездеседі.
