14.07.2024
Футзал: Джайме - үздік қақпашы

Қазақстан футзал қауымдастығы
Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді, леп хабарлайды Sport12.kz Қазақстан футзал қауымдастығына сілтеме жасап.
«Семей» футзал клубының 29 жастағы бразилиялық қақпашысы Джайме Эвальд Кнейсс маусымның үздік қақпашысы деп танылды. Джейми Қазақстанға биылғы маусымда алғаш рет келіп, бірден ел чемпионы атанды. Өткен маусымда ол Қазақстан чемпионаты мен кубогында 50 кездесу өткізген. Джайми 31 ұпай жинап, «үздік қақпашы» атанды. Екінші орында «Атырау» командасының жас қақпашысы Ерасыл Шарапиденов. Үздік үштікті ресейлік «Аят» командасынан Дмитрий Бондарев түйіндеді, ол өткен жылы маусымның үздік қақпашысы атанған.
Бұған дейін Игита үш рет, ал Жиронимо, Григорий Шамро және Дмитрий Бондарев бір реттен үздік қақпашы деп танылды.
