20.07.2024
Арнольд Кнауб «Қайрат» құрамынан кетті

Футзалдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Арнольд Кнауб «Қайрат» командасы құрамынан кетті, , деп хабарлайды Sport12.kz.
Өткен маусымда ол жарты жыл талдықорғандық «Жетісу» құрамында ойнаса, одан кейін алматылық команда құрамын толықтырды.
«Қайрат» командасы сапында 36 кездесуде 27 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
