29.08.2024
Дінмухамбет Сүлейменов жаңа қызметке келді

kazfootball.kz
Дінмухамбет Сүлейменов «Ордабасы» футзал клубының бас бапкердің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.
Қазақстандық жанкүйерлер оны еліміздің футзалында танымал есім ретінде біледі. Ол 1999-2022 жылдар аралығында қазақстандық «Ақтау», «Абылайхан», «Қазтрансойл», «Әлем», «Ақтқберенгтен», «Қайрат» және «Жетісу» клубтарында доп тепті.
Ұлттық құрама сапында 2001-2022 жылдар аралығында ойын көрсетті.
2021-2023 жылдарда ақтаулық «Каспий» клубының бас бапкері міндетін атқарды.
