30.09.2024
Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинадан айласын асыра алмады

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Бүгін, 30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентинаға есе жіберді.
Кездесу барысында бірінші кезеңде қос құраманың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен қарсыластар ол мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алған жоқ.
Екінші кезеңде аргентиналық футзалшылар қатарынан төрт гол соғып кетті. Оны Матиас Роза 21, Анхель Клаудино 26, Кевин Арриета 32, Себастьян Корсо 32-минутта өзінің еншісіне жазды.
Ал қазақстандық Дәурен Тұрсағұлов 33-минутта есеп айырмасын қысқартса, аргентиналық Лукас Боло-Алемани 33-минутта есепті үстемелей түсті.
Ойынның 35-минутында Дәурен Тұрсағұлов айып алаңында қолмен ойнап, алаңнан қуылды. Қазақстан құрамасы қақпасына белгіленген пенальтиден аргентиналық Кевин Арриета мүлт кеткен жоқ.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:6 есебімен есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
