02.10.2024

Талғат Орынбасар дзюдодан қола жүлдегері атанды

Талғат Орынбасар дзюдодан  қола жүлдегері атанды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстандық жас дзюдошы Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Ол жұбаныш финалында әзірбайжандық Низами Имрановпен кездесті. Екеуара тартысты кездесу негізгі уақытта тең аяқталып, қосымша уақытта отандасымыз Талғат Орынбасардың еншісіне шешілді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан ол бүгін жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Ол іріктеу кезеңінде Матья Жеремик (Сербия), Адис Орозмаматовты (Қырғызстан) жеңді. Ширек финалда тәжікстандық қарсыласына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Винчензо Манферлоттиді (Италия) жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Аталған салмақ дәрежесінде жапониялық Ямато Фукуда жеңімпаз атанды. Тәжікстандық Лойқ Кудбудинов күміске, Талғат Орынбасар мен өзбекстандық Муродил Муродиллаев қола жүлдеге ие болды. Осылайша, отандасымыз Талғат Орынбасар 2023 жылғы жетістігін қайталады.

Айта кетерлігі, Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері қатысып жатыр. Әлем біріншілігі 7 қазанға дейін жалғасады.

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін түсіндірді

Футбол

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін түсіндірді

Eindhoven Boxcup: бес қазақстандық боксшы чемпион атанды

Бокс

Eindhoven Boxcup: бес қазақстандық боксшы чемпион атанды

Әли Әлиев: жарақат алған футболшыларымыз жетіспеді

Футбол 4 сағат бұрын

Әли Әлиев: жарақат алған футболшыларымыз жетіспеді

Асхат Тағыберген ұлттық сапындағы соңғы ойынын өткізді

Футбол 4 сағат бұрын

Асхат Тағыберген ұлттық сапындағы соңғы ойынын өткізді

Қазақстан - Солтүстік Македония ойынына келген жанкүйерлердің саны белгілі болды

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстан - Солтүстік Македония ойынына келген жанкүйерлердің саны белгілі болды

Қазақстан құрамасы өз алаңында есе жіберді

Футбол 6 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы өз алаңында есе жіберді