02.10.2024
Войцех Щенсны «Барселона» қақпашысы атанды

Қос тарап 2025 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа отырды.
Поляк қақпашысы 1990 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін Англияның «Арсенал» және «Брентфорд», Италияның «Ювентус» және «Рома» клубтарында ойнады.
2009-2024 жылдарда Польша құрамасында негізгі қақпашы болды.
«Барселона» қақпашысы Марка-Андре тер Штеген алтыншы турдағы «Вильрреал» клубымен өткен ойында жарақат алып қалды.
