29.03.2025

Футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Португалиядан жеңіліп қалды

Футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Португалиядан жеңіліп қалды

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Португалияға қарсы өткізді. 

Кездесу барысында португалиялық құрамадан Афонсу Моуринья (14, 33-минутта) екі гол соқса, тағы бір голды Леонилду Балде 38-минутта пенальтиден енгізді.

Оған қазақстандық Семен Тарасенко 32-минутта пенальтиден бір голмен жауап берді.

Осылайша жастарымыз қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп қойды. Олар бұдан бұрын дәл осындай есеппен Францияға жол берген еді.

Екі ойыннан кейін ұпай ала алмаған қазақстандық жастар құрлықтық дода финалдық кезеңіне берілетін жолдамадан құр қалды. Оны Португалия мен Франция өзара сарапқа салады. Екеуі де алғашқы екі турда ұпай жоғалтқан жоқ. 

Енді отандастарымыз ерте, 30 наурызда Беларусьпен шеберлік байқасады.


Ресейлік ACA лигасы Қазақстанда ірі турнир өткізуі мүмкін

ММА/UFC 48 минут бұрын

Ресейлік ACA лигасы Қазақстанда ірі турнир өткізуі мүмкін

«Атырау» футбол клубы грузиялық қорғаушылармен қоштасты

Футбол 2 сағат бұрын

«Атырау» футбол клубы грузиялық қорғаушылармен қоштасты

Уимблдон-2025 теннис турнирінің жүлде қоры белгілі болды

Теннис 3 сағат бұрын

Уимблдон-2025 теннис турнирінің жүлде қоры белгілі болды

Анна Данилина Лондон турнирінде жартылай финалға шықты

Футбол 3 сағат бұрын

Анна Данилина Лондон турнирінде жартылай финалға шықты

 Зайнутдинов пен Оразов демалыс кезінде жаттығу жасап жүр

Футбол 3 сағат бұрын

 Зайнутдинов пен Оразов демалыс кезінде жаттығу жасап жүр

Спорттық гимнастикадан Дарья Ясинская Азия чемпионатында финалға шықты

Басқа 3 сағат бұрын

Спорттық гимнастикадан Дарья Ясинская Азия чемпионатында финалға шықты