03.04.2025

УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа форматы: Не өзгерді?

УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа форматы: Не өзгерді?

Фото: UEFA via Sportsfile

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының форматына өзгерістер енгізілді. Енді турнирге қос матчтан тұратын 1/8 және 1/4 финал кезеңдері қосылады.

УЕФА Атқарушы комитеті 2025 жылғы 2 сәуірде қабылдаған жаңа шешімге сәйкес, футзалдан Чемпиондар лигасының құрылымы өзгереді. Жаңа формат қазіргі элиталық раундты алмастырады. Бұған дейін бұл кезеңде 16 команда төрт топқа бөлініп, тек топ жеңімпаздары ғана «Төрттік финалға» жолдама алатын. Ал жаңа жүйе әр командаға өз алаңында кемінде бір ойын өткізуге мүмкіндік береді.

1/8 финал

Бұл кезеңде 16 команда бақ сынайды. Жеребе тарту кезінде олар екі себетке бөлінеді:

Бірінші себетке – «В жолының» топ жеңімпаздары мен «А жолының» топтарында үшінші орын алған командалар;

Екінші себетке – «А жолының»  топ жеңімпаздары мен екінші орын иегерлері енеді.

Жеребе барысында әр себеттен бір команда таңдалып, қос матчтық жұптар түзіледі. Бірінші себеттегі командалар алғашқы ойынды өз алаңында өткізеді. Сондай-ақ, осы жеребеде плей-офф кезеңінің толық құрылымы анықталады.

1/4 финал

Ширек финалда жұптар екі матчтан тұратын өзара кездесулер өткізеді. Жеңімпаз командалар «Төрттік финалға» жолдама алады. Финалдық кезең бір аренада үш күн бойы өтеді: алғашқы күні жартылай финал ойындары ұйымдастырылады, екі күндік үзілістен кейін турнир жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталады.

Ақтық матчтардың өтетін орны финалдық турнирге дейін бекітіледі. Жарыстың қалған кезеңдері бұрынғы форматта қала береді.

Айта кетейік, бұл өзгерістер 2025/26 маусымынан бастап күшіне енеді.

Балауса Мұздыман әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Бокс

Балауса Мұздыман әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жұбы Лондондағы турнирді жеңіспен бастады

Теннис

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жұбы Лондондағы турнирді жеңіспен бастады

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Басқа

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

«Тобыл» Асхат Тағыбергенге 8 нөмірі тігілген арнайы шапанды сыйға тартты

Футбол 6 сағат бұрын

«Тобыл» Асхат Тағыбергенге 8 нөмірі тігілген арнайы шапанды сыйға тартты

АҚШ-та өтетін Гран-приге қатысатын қазақстандық таеквондашылар белгілі болды

Басқа 10 сағат бұрын

АҚШ-та өтетін Гран-приге қатысатын қазақстандық таеквондашылар белгілі болды

Астанада ҚФФ төрешілері мен инспекторлары аралық дайындықтан өтті

Футбол 10 сағат бұрын

Астанада ҚФФ төрешілері мен инспекторлары аралық дайындықтан өтті