13.04.2025

Қазақстан құрамасы әлсіз қарсыластарынан да жеңіле бастады

Қазақстан құрамасы әлсіз қарсыластарынан да жеңіле бастады

Фото: ҚФФ

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Вьетнамнан жеңіліп қалды.

Жанкүйерлер бүгінгі ойынның басты фавориті ретінде Қазақстан құрамасына сенім білдірген еді. FIFA рейтингінде қазақстандық футзалшылар жетінші орында тұрса, Вьетнам отыз бірінші орынға жайғасқан. 

Соған қарамастан вьетнамдықтар жоғары деңгейде ойын көрсете білді. Олар 14-минутта есеп ашса, Ержан Карменов 32-минутта таразы басын теңестірді.

Ойынның соңғы екі минутында ел құрамасы өз қақпасынан үш гол алып шығуға мәжбүр болды. Оның біреуі 39-минутта қақпаға енсе, екеуі 40-минутта соғылды.

Кездесуде қазақстандық футзалшылар қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Енді олар аталған қарсыласымен 15 сәуірде тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.

Соңғы уақытта Қазақстан құрамасы кез келген қарсыласынан жеңіліп қалып жүр. Тіпті Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде де өз тобында да екінші орын алып, құрлықтық додаға шығу мүмкіндігін біршама қиындатып алды.

Айта кетсек, кездесуге дайындық 8 сәуірде Астанада басталды. Оған 14 ойыншы қатысты.

Дастан Сатпаев мамыр айының үздік ойыншысы атанды

Футбол 3 минут бұрын

Дастан Сатпаев мамыр айының үздік ойыншысы атанды

Волейбол: Қазақстан құрамасы Ұлттар кубогы топтық кезеңін жеңіліспен аяқтады

Басқа 4 минут бұрын

Волейбол: Қазақстан құрамасы Ұлттар кубогы топтық кезеңін жеңіліспен аяқтады

Балауса Мұздыман әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Бокс 1 сағат бұрын

Балауса Мұздыман әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жұбы Лондондағы турнирді жеңіспен бастады

Теннис 2 сағат бұрын

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жұбы Лондондағы турнирді жеңіспен бастады

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Басқа 3 сағат бұрын

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

«Тобыл» Асхат Тағыбергенге 8 нөмірі тігілген арнайы шапанды сыйға тартты

Футбол 10 сағат бұрын

«Тобыл» Асхат Тағыбергенге 8 нөмірі тігілген арнайы шапанды сыйға тартты