17.03.2025

Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына қосылады

Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына қосылады

Фото: Қазақстан ҰОК

ОК атқарушы комитеті боксты 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы ұсыныс жасады. 

Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.

Ақтық шешім осы аптада Грекияның Коста-Наварино қаласында өтетін ХОК-нің 144-сессиясында қабылданады.

Бастапқыда 2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген еді. Бұған Халықаралық бокс қауымдастығындағы (IBA) мәселелер себеп болды. 2023 жылдың маусымында ХОК IBA-ны ресми түрде мойындаудан бас тартты, бұл жағдай 2028 жылғы Олимпиададағы бокс жарыстарының болашағына әсер етті.

Париж Олимпиадасында бокс жарыстары ХОК-нің арнайы жұмыс тобының басқаруымен өтті. Бұл шешім спортшыларға турнирге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

ХОК бұған дейін бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуы үшін жаңа халықаралық федерация құру қажеттігін мәлімдеген болатын. 2025 жылдың ақпанында ХОК-нің атқарушы комитеті World Boxing ұйымын уақытша мойындады. Қазіргі таңда бұл ұйым 84 ұлттық федерацияны біріктіреді.

  

Евгений Плющенко: Шайдоровтың өнері - маусымның басты сенсациясы

Басқа 1 сағат бұрын

Евгений Плющенко: Шайдоровтың өнері - маусымның басты сенсациясы

Михаил Шайдоров: Әлем чемпионатында қатты уайымдадым

Басқа 1 сағат бұрын

Михаил Шайдоров: Әлем чемпионатында қатты уайымдадым

Назым Қызайбай: Үйдегілер үш дүркін әлем чемпионы екендігіне қарамайды

Бокс 2 сағат бұрын

Назым Қызайбай: Үйдегілер үш дүркін әлем чемпионы екендігіне қарамайды

2024 жылы ҚПЛ клубтары қанша миллиард жаратқаны белгілі болды

Футбол 2 сағат бұрын

2024 жылы ҚПЛ клубтары қанша миллиард жаратқаны белгілі болды

Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің жартылай финал жолдамасына таласады

Теннис 2 сағат бұрын

Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің жартылай финал жолдамасына таласады

Асқар Еркебаев: Париж Олимпиадасының финалында такси жүргізушілеріне дейін қандай тактика ұстану керектігін айтты

Бокс 2 сағат бұрын

Асқар Еркебаев: Париж Олимпиадасының финалында такси жүргізушілеріне дейін қандай тактика ұстану керектігін айтты